Unknown crocodile
0 Subscriptions 0 Followers
Өнер ордасы 1972 жылы 24 желтоқсанда өз шымылдығын Мұхтар Әуезовтің "Айман-Шолпан" комедиясымен ашты. 1978 жылы театр Николай Островскийдің "Құрыш қалай шынықты" қойылымы үшін Қазақстан жастар одағы сыйлығының лауреаты атанды. Араға үш жыл салып, 1981 жылы театрға ұлттық театр өнерінің аса көрнекті қайраткері Серке Қожамқұловтың есімі берілді.1988 жылы Торғай облысы жабылып, Қазақ КСР министрлер кеңесінің шешімімен театр Жезқазған қаласына қоныс аударды.
Серке Қожамқұлов атындаға театр 1985 жылы Тбилисиде бүкілодақтық ІІ жастар спектакльдері, 1989, 1999 жылдары Бішкектегі Орта Азия мен Қазақстан театрларының Наурыз және халықаралық театр фестивальдерінің арнайы жүлдесін иеленді.
1992 жылы театр Алматы қаласында Ғабит Мүсіреповтің 90 жылдығына арналған республикалық театрлар фестивалінде "Қозы Көрпеш – Баян Сұлу" спектаклі үшін бас жүлде жеңіп алды. Осы жеңістің арқасында өнер ордасы 1993 жылы Мысыр қаласында өткен дүниежүзілік театр фестиваліне тәуелсіз Қазақстан театрлары атынан қатысып қайтты.1994 жылы Жезқазған қаласында өткен Абай Құнанбаевтың 150 жылдығына арналған республикалық театрлар фестивалінде екінші мәрте бас жүлде иеленді.
1994, 1996 жылдары республикалық театрлар фестивалінде екінші орыннан көрінді. Досжан Жанботаев "Ең үздік эпизодтық ер рөлі" номинациясына лайық деп танылды.
1998 жылы драма театр құрамына бұрынғы облыстық қуыршақтар труппасы қосылды.
2000 жылы Павлодар қаласында өткен Иса Байзақовтың 100 жылдығына арналған VІІІ республикалық театрлар фестивалінде Әбділдә Тәжібаевтың "Көтерілген күмбез" қойылымы бас жүлдеге лайық деп танылды. Серік Бұлғақбаев аталған қойылымда хан рөлін сомдағаны үшін "Ең үздік ер рөлі" номинациясын жеңіп алды.